
«Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білімі беру мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасының Егемендік күнін мерекелеуге арналған дайындық жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр. Тұңғыш Президенті күніне орай бірнеше іс-шаралар жоспарланған, олардың бірі – «Ұлт Көшбасшысы-елдің тірегі» атты салтанатты линейканың өтуі. Бұл іс-шара 10 сынып оқушылары және сынып жетекшілері А.М. Смагулованың бастауымен өткізілді.
Және де мектеп-интернат оқушыларымен қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясындағы Ақсу қаласының мәдени-сауықтыру орталығының қызметкерлерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға шақырылды.
Мектеп-интернат әкімшілігі