2018 жылғы 8 ақпанда «Ақсу қаласының № 3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінде «Мектеп-интернат жағдайында түзету-дамыту ортасын ұйымдастыру» тақырыбында арнайы ұйым педагогтарға арналған облыстық семинар өтті.
Семинарға барлық облыстық арнайы мектеп-интернаттарының өкілдері қатынасты. Мектеп-интернат педагогтары ашық сабақтар және іс-шаралар көрсетіп, баяндамалар оқыды. Түрлі үлгідегі ашық сабақтар және тәрбиелік іс-шараларға қатысты: дәстүрлі, біріктірілген сабақтар, библио-кафе, психологиялық тренинг. Мектеп әкімшілігі басшылығымен түзету-дамыту ортасын ұйымдастыруға бағытталған күнделікті сабақ және сабақтан тыс қызмет тәжірибесі қамтылған және жүйелендірілген әдістемелік әзірлемелер дайындалып, ұсынылды .
Мектеп ғимараты бойынша саяхаттау барысында қонақтар мамандардың кабинеттерін, сынып кабинеттерін аралады.
Қатысушы педагогтардың жұмыс тәжірибелерімен алмасу бөлігі өте мазмұнды болды. Іс-шара қорытындылау үлгісі әріптестердің қызығушылығын арттырды.
Семинар балалардың қатысуымен ұйымдастырылған концертпен аяқталды.
Семинар эпиграфы баршаға мәлім «Ізденген жетер мұратқа» фразасы болды, бұл – өзгерісті қалайсың ба? «Әрекет ет!» деген ұғымды білдіреді. Армандарыңа қол жеткізу үшін көптеген белестерден асу қажет.
Атап өткен іс-шарамыз біздің ұжым үшін өз қызметін зерттеуге, өзін- өзі жетілдірудің жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік туғызды.,
Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы
білім беру мектеп-интернат ектеп-интернат әкімшілігі