Бүгін 5-10 сынып оқушыларымыз үшін ерекше күн болды! Тәрбиешілеріміз Бекет Е., Сагитова М.О. және Жалелова А.Е. ұйымдастырған «Мамандық иелерімен танысу» экскурсиясы оқушыларымызға көптеген жаңа ақпараттар мен қызықты кездесулер сыйлады.
Мақсаты: әр түрлі мамандық иелерімен таныстырып, балалардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекқорлықты бағалауға үйрету, сөздік қорын молайту және ойлау қабілеттерін дамыту болды.
Экскурсия барысында оқушылар мамандықтың маңыздылығын түсініп, болашақта өз таңдауларын жасау үшін дұрыс бағыт алуға шабыт алды!
Қандай мамандықты таңдайтынын ойлап жүрген әр оқушыға сәттілік тілейміз!
#Экскурсия #МамандықИелері #Білім #Тәрбие #МамандықТаңдау