1 қыркүйек – алғашқы қоңырау мерекесі

Бұл мектеп табалдырығын алғаш аттағандар үшін асыға күтетін күн. Бұл жаңалыққа толы қызықты мектеп жолында кезекті қадам басқандардың мерекесі… Биылғы жиынға 1-ші мен 10-шы сынып оқушылары шақырылды.  Білім күніне арналған салтанатты  саптүзеу ұсыныстарға сәйкес өткізілді және белгіленген тәртіп сақталды – мемлекеттік рәміздерді қолдану рәсімі қолданылды (Қазақстан Республикасының Туын еңгізу және шығару, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау),

 

Мектеп басшысы Гүлмира Құсманқызы Кабулова ұжымды, балаларды және ата-аналарды Білім күнімен құттықтады. Оқушыларға қиындықтан қорықпай, өздеріне сеніп, мектептегі барлық іс-шараларға белсене қатысуларына тілектестігін білдірді.