Әңгіме мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оқушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу.
Усенова Ж. Т. оқушыларды жасөспірім, қылмыскер, құқық бұзушылық, жауапкершілік түрлері ұғымдарымен таныстырды. Балаларға қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілік, әкімшілік жауапкершілік және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді. Оқушылар өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы біліп қана қоймай, оларды қатаң сақтауы керек, заң бұзушылыққа байланысты жағымсыз жағдайға тап болу ықтималдығы аз болады. Әңгіме нақты мысалдарға негізделген.