«21 ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ»

Темиргалиева Алия Нурболатовна

география мұғалімі, «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ

«21 ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ»

 

Бұл даму-география және жаратылысстану пәндері бойынша әйгілі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» теледидар ойынының элементтері бар тапсырмалар, оны сабақта да, сабақтан тыс уақытта да қолдануға болады. Жобаны жүзеге асыру үшін компьютер, интерактивті тақта (мультимедиялық экран) қажет. Іс-шара 6-9 сыныптарда өткізіледі, сыныптан тыс іс-шараны өткізу үшін алдын ала 9 қатысушыны (мұғалімнің қалауы бойынша) таңдау қажет.

Мақсаты: логикалық ой-өрісін, зейінін, жадында сақтау қабілетін дамыту;оқушылардың оқуға деген қызығушылығын, шығарамашылығын дамыту;жеңіске ұмтылуға және қарсыластарын құрметтеуге тәрбилеу;оқушының бойына Отанға деген патриоттық, махаббат сезімдерін сіңіру

Құрал-жабдықтар: бейне тақта, бағалау парағы, карточкалар

Жүргізуші:Қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:Ойын балдық жүйеде бағаланады.

Жүргізуші: Біз ойынымызды бастаймыз. Көңіл қойып, қатысыңыздар.

Жүргізуші:Бірінші тур «БӘЙГЕ». Мониторда 3 жауабы бар 5 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 10 ұпай беріледі.

1.Көлемі бойынша 2 материк?

А.Антарктида

Б.Солтүстік Америка

В.Африка

2.Қай елде монархиялық билік бар?

А.Ресей

Б.Казақстан

В.Ұлыбритания

3.Мариан шұңғымасы қай мұхитта орналасқан?

А.Үнді

Б.Солтүстік Мұзды

В.Тынық

4.Георафия терминің кім берді?

А.Эратосфен

Б.Пифагор

В.Геродот

5.Шығыс Қазақстан облысының орталық әкімшілік қаласы? А.Семей

Б.Өскемен

В.Риддер

II тур. Жорга

Жүргізуші: Сіздердің назарларыңызға 5 ұяшықтар сұрақтармен  тұр. Әр жауап 20 балл береді.

 1.Қай жылы Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтанға өзгерілді? (2019 ж 19 наурыз)

2.Жердің толық қалыптасуына қанша уақыт қажет болды? (2,5-3,5 млрд)

3.Жер планетасы ғаламшарда күннен кейін үшінші орында тұр. Егер жер күннен кейін бірінші не сегізінші орында тұрса не болады?  (бірінші тұрса жанып кетеді, сегізінші тұрса күн сәулесі түспейді, қатып қалады)

4.Қай дәуірде жерде үлкен жануарлар мен құстар өмір сүрді? (Мезозой)

В какой эре на земле обитали крупные животные и птицы?

5.Егер тырна бір аяқпен таразыға тұрып салмағы 35 кг болса, екі аяқпен тұрғанда салмағы қанша болады? (35 кг)

Жүргізуші: осымен екінші тур аяқталды.

Жүргізуші:ойыншылар бейне тақтадан аймақтарды тандап, ұяшықтарды ашып сұрақтарға жауап беру керек. Әр ұяшық 20,30,40 балл береді. Егер жауабы дұрыс болмаса, басқа ойыншылар жауап бере алады.

Солтүстік Қазақстан 

1.Солтүстік Қазақстанның  ең шеткі облысын ата

2.Павлодар облысының әкімшілік қаласын ата

3.Қай қалада көмірді ашық түрде алады?

Оңтүстік Қазақстан

1.Оңтүстік Қазақстанда қандай табиғат зонасы басым?

2.Жамбыл облысының әкімшілік қаласын ата

3.Тянь-Шань тауының биік шыңы қалай аталады?

Батыс Қазақстан

1.Қазақстандағы ең үлкен теңізді ата

2.Маңғыстау облысының әкімшілік қаласын ата

3.Батыс Қазақстан қандай пайдалы қазбалармен бай?

Жүргізуші: Сайысты осымен аяқтаймыз, келгендеріңізге көп рахмет.