2019 жылғы 14-18 қаңтар кезеңінде «Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінде «Салауатты өмір салты атты психология апталығы өтті. Апталықтың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу, өмірге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру.
Психолог ретінде мен өз алдыма келесі міндеттерді қойдым: оқушылардың танымдық үдерісін және оқуға деген мотивациясын қалыптастыру , зиянды әдеттердің алдын алу, адамның ішкі әлемін оның өз қызметін саралауы және басқа кісілермен қарым-қатынасы арқылы тану.
Апталық позитивке толы болды, оқушылар барлық тапсырмаға белсенді қатынасты. Медбике А.Р. Даутбаевамен кездесу есте қаларлықтай әсер қалдырды, Алма Рысбековна оқушылармен маңызды тақырып жыныстық тәрбие туралы мәселелерді талқылады. Кездесу топтық үлгіде жүргізілді: қыздар тобы, ұлдар тобы. Оқушыларды қызықтыратын сұрақтар өте көп болды, отбасы құндылықтары туралы бейнеролик талқыланды.
«Зиынды әдеттерге-Жоқ дейміз!» іс-шарасы өте қызықты, қолжетімді, көрнекті түрде өтті. Осы тақырып төңірігіндегі мәселелерді талқылау және бейнероликтерді қарау соңында оқушылар зиянды әдеттердің салдары туралы шындап ойланып қалды. Кейбір тәрбиеленушілер ата-аналарының зиянды әдеттері алаңдататыны жайлы психологқа жеке сұхбат кезінде айтты.
Мектеп психологы ата-аналар, балалар, педагогтар арасын байланыстырушы өзіндік бір звено.
Психолог балаға өзінің мінез-құлқын қадағалауы және өз ұстанымына берік болуы арқылы әлеуметтік тәжірибеге ие болуға, оны игеруге көмектеседі, бұл оқушыны әлемді саналы қабылдауға тәрбиелейді.
Оскар Уайльдтың цитатасымен аяқтағым кеп отыр: «Балалардың эмоцияларын тәрбиелеу қажет : өз сезімдерін білдіру және ұстау, басқа адамдардың эмоциялары мен сезімдерін түсіну және оларға сай әрекет таныту қажет. Сонда сіздің балаңыз кез келген ұжымда өзін сенімді сезінеді және қарым-қатынастан ләззат алады».