Туған күнін бүгін сенің балапан,

Қуан бүгін!

 Қане, соқшы алақан!

 

Мектеп-интернатымыздың дәстүріне айналған тамаша мерекені тойладық. Осы жолы қыста және күзде дүниеге келген туған күн иелерін құттықтадық.

Бұл іс-шарамызға мектеп-интернатымзда жатып оқитын оқушылардан бөлек, үйде оқытылатын балалалар да келіп, бізді бір қуантты.

Мереке басталғаннан оқушыларымыздың қызығушылығы, көңіл-күйлері өте жоғары дәрежеде болды. Әр түрлі ойындар ойналып, қызықты сұрақтар қойылды. Барлық өткізген тапсырмаларға тәрбиеленушілеріміз белсенділік таныта қатысты.

Музыкалық үзіліс ретінде қойылған әндерді де тәрбиешілеріне қосылып айтып, мерекенің көңілдерінен шыққанын білдірді. Оқушыларымыздың бір-біріне айтқан жақсы, керемет тілектерімен іс-шарамызды аяқтадық.

Әр баланың жүзіндегі күлкі, көңіліндегі қуанышты көріп бір марқайып қалдық. Балаларымыз өсе берсін! Бақытты балалық шақтың бал дәмін тата берсін!