Бүгінгі қуанышты жағдай мектеп-интернат ұжымы мен тәрбеиеленушілерімізді біраз қуантты. Облыстық балалар вокалдық сайысында, оқушымыз Серікханұлы Мұхаметали, жетекшісі Жалелова Әйгерім Ермекқызымен дуэт болып, «Жан сырым» атты әнді орындап, «Жаңа есім» номинациясы бойынша І орынға ие болды. Табиғи дауысымен қазылар алқасын тәнті қылған кішкентай әншіміз жеңіске жетті. Жан тебірентер әнді дауысымен ғана емес, жүрегімен орындаған бүлдіршініміз барлығымызды бір толқытып тастады. Кішкентай өнер иесіне қанатының талмай, шарықтай беруіне, әлі де талай жеңістерге жетуіне тілектеспіз. Оқушының дарынын байқап, сол дарынды ұштап, әнді әсем айтуға баулып жүрген Әйгерім Ермекқызына шығармашылық табыстар, өнерлі шәкірттер тілейміз. Өнер таусылмас азық, сарқылмас байлық. Өнерлеріңіз өрге жүзсін!