17 мамыр күні «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ- де ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының жоспары бойынша «Сынықтан өзгенің барлығы жұғады:Тәуелділіктің алдын алу шаралары» тақырыбында ата-аналарға арналған тренинг өтті. Мақсаты: ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын алу жолдарын дамыту.
Тренинг барысында топпен жұмыс жасалып, ата-аналармен практикалық сабақтар, талқылау жұмыстары өткізілді. Ата-аналар алған білімдерімен бөлісіп, тілек,ұсыныстарын білдірді. Тренинг соңында ата-аналарға жадынамалар таратылды.
Әлеуметтік педагог: Усенова Ж.Т.
Логопед: Тусупбекова Д.Е.