Бүгін 5-10 сынып оқушыларымыз үшін ерекше күн болды! Тәрбиешілеріміз Бекет Е., Сагитова М.О. және Жалелова А.Е. ұйымдастырған «Мамандық иелерімен танысу» экскурсиясы оқушыларымызға көптеген жаңа ақпараттар мен қызықты кездесулер сыйлады.
🎓 Мақсаты: әр түрлі мамандық иелерімен таныстырып, балалардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекқорлықты бағалауға үйрету, сөздік қорын молайту және ойлау қабілеттерін дамыту болды.
💼 Экскурсия барысында оқушылар мамандықтың маңыздылығын түсініп, болашақта өз таңдауларын жасау үшін дұрыс бағыт алуға шабыт алды!
Қандай мамандықты таңдайтынын ойлап жүрген әр оқушыға сәттілік тілейміз! ✨
#Экскурсия #МамандықИелері #Білім #Тәрбие #МамандықТаңдау