
Құқықтық білім апталығы аясында полиция капитаны Е. Б. Кощегулов, полиция лейтенанты Б. А. Байтен 5-10 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды. Балаларға қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілік жүктелетіні және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді. Әңгіме нақты мысалдарға негізделген.
«Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» тақырыбында кездесу өткізді