Қазақстан Ұлттық валютасы «теңге» 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға жіберілді. «Теңге» атауы орта ғасырдағы түркітілдес халықтардың күміс тиыны «денге» немесе «таньга» атауынан алынған. Осы сөздерден орыс халқының ақшасы «деньга» және «деньги» сөзі шыққан.