«География сабағында оқытудың заманауи әдістері»

Бүгінгі таңда менің алдымда тұрған үлкен  міндет – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, салауатты, жан – жақты дамыған, рухани бай, заман талабын орындай білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту. Қазіргі заманда білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделеді. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған. Дегенмен осы кезге дейінгі дәстүрлі оқытуда оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелеп келді. Ал бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр.

  Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді.Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыс жасағанда диалогқа түскені жөн. Себебі қабілеті әртүрлі оқушылар, бір- бірімен жұмыс жасағанда, әрқайсысы өз пікірлерін айтады, яғни жауапкершілікті сезінеді. Топтық жұмыста оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалау, немесе топаралық бағалау жүзеге асады. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың белсенділігі, шығармашылығы артады. Топтық жұмысты жүзеге асыру, оқушылардың сыни ойлауын дамытуға,мүмкіндік беретініне сенімдімін. Себебі оқушыға сыни ойлауын жүзеге асыратындай тапсырма бергенде ғана, оқушы ойланады. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің , ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алған ақпаратты ойлауға, бағалауға , талдауға және синтездеуге, өмірде қолдана білуге бағытталған пәндік шешім.

  Сыныпта мұғалім оқушылармен интерактивті тілдесу арқылы тиімді әңгіме үлгісін жасай алатын, оқыту үшін зерттеуге және өзара ынтымақтастыққа ықпал ететін жағдай жасауға міндетті.Оқыту дегеніміз – баланы субъект ретінде оқу ісіне қызықтыратын, соған сай қабілетін арттыратын жағдайлар тудыру болып табылса, қызықтыру, зейініне әсер ету, сезіміне әсер беру мұғалімнің басты мақсаты болуы тиіс. Мұны жүзеге асыру екі кезеңге бөлінеді. Бірінші, оқу үдерісінің жаңа технологиясын қарастыру (қалай оқыту керек), екіншісі, оқушы алдына қойған мақсатты өз бетінше шеше алатын жағдайға жеткенде ғана субъектілік орын алады.

  Өз тәжірибеме келетін болсам, сабақтарымда сыни тұрғысынан ойлау, АКТ модульдерін жиі қолданамын. Ал мектепте алған білімді оқушылардың қолдана білуін, өмірмен байланыстыра алуын жүзеге асыру көп жұмыстануды қажет етеді.

  Мектептегі сабақ беру кезінде іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымды да өзгерте алдым дей аламын. Өзгеріс дегеніміз – жаңа тәсілдерді енгізу.

  Сабақты заманауи түрде оқыту кезінде бағдарламаның 7 модулінің 3 модулін қолданамын.

Бағдарламаның 7 модулі

Оқыту мен оқудағы жаңа технологиялар

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқытудағы АКТ-ны қолдану

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Жай ерекшелігіне сай оқыту

Талантты және дарынды балаларды оқыту

  Топтық жұмыс – бұрын-соңды көп қолданбаған тәсілдерімнің бірі. Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырса, екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды және көшбасшыны анықтауға мүмкіндік береді. Сабақтарда жұппен жұмыс, топпен жұмыс және жеке жұмыстар жасалса, сынып бөлмесінде топ ережесі және рефлексия жазатын бұрыштар жасақталып, парталардың орналасуында өзгерістер болды және оқушыларымның өз сөздерін «Менің пікірім былай», «Менің ойымша…» деп бастауларын талап етемін.

  География пәнінен 7 модуль негізінде сабақты өткізуді жоспарлаймын. Жоспарлауда оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабылдау деңгейлерін, қызуғушылығын ескердім. Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысымның тақырыбы: «География сабағында топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.» Зерттеудің негізгі мақсаты:   Оқушылардың топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып қызығушылығын арттыру арқылы, әлеуметтік ортаға бейімдеу. Зертеудің нысаны –топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, шығармашылық ойлауын дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

  Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы жаңа болмыстық мазмұнда өзгеріп, мұғалім – ұйымдастырушы, бағыттаушы, оқушы – ізденуші, белсенді болуы керек. Оқушының өз бетімен білім алуының бір түрі – шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы білім алу. География пәнінен оқушыларға өз бетімен жұмыстар орнату арқылы шығармашылықпен білім алуға қол жеткізуге болады. Өзіндік жұмыстарда:

-Оқушының пәнге деген қызығуы артады;

-Оқушының шығармашылық қабілеті дамиды;

-Ізденушілік қабілеті артады;

-Жауапкершілігі жоғарлайды;

  Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған.

 

Темиргалиева Алия Нурболатқызы