Оқытуында ерекше қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілетін үйірме жұмысы арқылы дамыту

Адамзат күнделікті үлкені бар, кішісі бар, қарапайымы бар, күрделісі бар, көптеген істер атқарады.

Осы мүмкіндіктер оқушыларды дағдылы іс-әрекетке бағыттайды. Бірақ, кейде міндетті ерекше жағдаймен шешуге тура келеді. Бұл жаңа міндеттер, оның шешімін өзінше шешу керек. Ол аса қиын болмаса да, оған шығармашылықпен қараған дұрыс. Оқытуында ерекше қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық мүмкіндіктері өте төмен деңгейде болады. Сол себептен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға арналған арнайы әдіс-тәсілдерді қолданған жөн.

Шығармашылық міндеттері ғылыми жаңалықтарға дейін шешімін шығармашылықпен табу жаңа жол көрсетеді және жаңалық кіргізеді.

Осы жерде ақыл-ойдың ерекше сапасы, байқампаздық бақылау және талдай біліп оны кешенді түрде байланыстыру керек.

Шығармашылық қызмет түріне қарай оқушыға тән. Ал, қарапайым орындау әдістері ақылды аса қажет етпейді. Әрине, өмірде барлығы да қиын да күрделірек. Шығармашылық жұмыстарды орындау әр түрлі және әр қалай іске асады.

Үлкен қиындықты шығармашылық қуаныш, жаңалық ашу қуанышы сияқты қуанышты жағдайлар тудыруы мүмкін.

Өмір қандай салада болмасын күрделі және қиын. Ол адамнан күнделікті көптеген шешімдерді шеше білуді, шығармашылықпен айналысуды талап етеді. Шығармашылықпен айналысатын адамға мамандығын өзгертіп қана қоймай кез -келген істен шығармашылық ерекшелік тауып биіктерге жетуге тырысу керек.

       Шығармашылық мүмкіндіктерді дамыту үшін ең алдымен ерте бастау керек. Нақты айтар болсақ, дамыту мүмкіндіктері өте ерте басталатынын заман талабына сай білеміз.

Біріншіден, ең бастысы қандайда бір әрекетті таңдауда балаға еркіндік беру керек. Және оны ауыстырып отыру керек. Бұл баланың қалауы, оның қызығушылығы, эмоционалдық көңілінің пайдасы зор.

Екіншіден, балаға берілетін еркіндік үлкендердің ақылды, кеңесімен іске асырылуы керек. Ең бастысы еркіндік жасаңыз, ал көмек-көтермелеу болмауы керек.
Бала үшін әрекет етуге болмайды, ол өзі ойланып істеуі қажет.

Өкінішке орай, айтып жіберу-балаларға көмектің кең тараған түрі, бірақ оның зияны көп.

Ғарыш «атасы» К.Э.Циалковскийдің шығармашылық ақылды тудыратын құпияны ашатын ұлы формуласы бар: «Ең алдымен мен көпшілікке мәлім шындықты аштым, содан соң кейбіреулерге ғана мәлім шындықты ашуға ұмтылдым, және соңында ешкімге белгісіз шындықты ашуға тырыстым». Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін ашудың, таңдау және зерттеу талаптың дамытудың жалғыз жолы осы болса керек. Біздің міндетіміз-баланың осы жолға түсінуіне көмек көрсету.

Бұған дамыту ойындары, шығармашылық еңбекпен айналысу, өнерге баулу және тағы басқа жатады.

   Оқытуында ерекше қажеттіліктері бар балалар тек еңбек шығармашылығы  мен ғана айнылыспауы керек. Оларға бастаған істі соңына дейін аяқтау өте қиын. Сондықтан, бұл балалардың оқыту және дамыту үдерісінде ең алғашқы басты міндет-еңбекке баулуда жағымды әрекет қалыптастыру.
Баланың қандай да бір жұмысты қабылдау үшін, педагог-дефектолог үлкен шыдамдылықпен «кезеңдік оқыту» принциптеріне сүйене отырып, еңбек үдерісінің әр кезеңін ой елегінен өткізу керек. Ең бастысы, қолайсыз жағдайлар баланы шошытпауы керек, ал оның өз бетімен жұмысы өзіне деген сенімділікті арттырып, еңбекке баулуға айналысуын дамытуы қажет.

Өз бетімен шығармашылық жұмыс жасаудың барлық түрі балаларды дұрыс жолға үйретсе, оларды орындау олардың эстетикалық талғамын, қоршаған ортаны көру, шығармашылық қабілетін дамытады.

Алайда, бұл өзінен өзі жүзеге аспайды, ол үшін педагогтың жүйелі, мақсатқа бағытталған жетекшілігі қажет және әр баланың жеке ерекшеліктері есепке алынуы керек. Үйірме жұмысының өткізілуі, ұйымдастырылуы, мазмұны баланың шығармашылық жұмысының дамуына бағытталуы керек.

      Бір-бірімен қарым-қатынаста олардың талаптарын қалыптастыру ақыл-ойы кем балалардың тәрбиесінде ерекше міндет болып саналады. Бұл міндетті шешудегі негізгі жол-балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын және қызметін ұйымдастыру оқушылардың өзара қарым-қатынасы сыныптан тыс жұмыста көрінеді.

Бұл қарым-қатынастардың көрінісі көбінесе мектеп -интернаттарындағы оқу тәрбие жұмысының деңгейімен анықталады және балалар өз сыныптастарын бағалай алумен байланысты. Ұжымдық қызмет көрінісінде оқушылардың сабақтан тыс уақытта бір бірімен әңгімелесіп, осының негізінде ұжымдық байланыс пен қарым-қатынас пайда болады. Ұжым адам тәртібінде тікелей әсер етеді. Л.С. Выготский баланың, психикалық қызметіндегі кемшіліктерді түзетуде ұжым бірінші орында екендігін айтқан. Сондықтан, арнайы мектептердегі басты міндет- балалар ұжымын ұйымдастыру болып табылады. Оқушылар ұжымының негізгі белгілері барлық мүшелердің бірігіп жұмыс істеуі жағымды әрекеттері сенімділік бір бірін сынауы, сынды қабылдауы бір біріне талап қоя алуы. Оқытуында ерекше қажеттіліктері бар балалардың ұжымда өзін-өзі басқаруы толыққанды жүзеге асуы мүмкін емес. Дегенмен, педагог оны белгілі бір деңгейде ұйымдастыруына болады. Бір-біріне достық көмек көрсету баланың даму мүмкіндіктеріне көмектеседі.

Жалпы мектептерге қарағанда арнайы мектептерде ұжымды ұйымдастыру ұзақ әрі өздігінше жүргізіледі. Ұжымда ұйымдастыру үшін олардың даму деңгейін кемістік құрылымын, бір-бірімен қарым-қатынасын әр қайсысының ұжымдағы жағдайын білу керек.

Оның бастапқы ұйымластыру кезеңінде талап әр тәрбиеленушіге жеке қойылады. Бұл кезде педагог тарапынан қойылатын талап балаларда тапсырылған іске жауапкершілік артқанына қойылуы керек.

Тәрбиешіге әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиеленушінің өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыру керек.

Баланың бағыты мен қызығушылығын есепке ала отырып, педагогикалық жағымды тәсіл ойластырылуы керек. Сондықтан жеке тұлғалық бағыты мен қызығушылығын тануда әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушыны танумызға болады.

Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қарым-қатынас өзара түсінушілік пен сенім арқылы қалыптасуы керек. Осындай қарым-қатынастар жеке мүмкіндіктерді арттыра алады. Сабақтан тыс уақытта балалар өздері туралы көп айтады, алған әсерлері туралы ой бөліседі. Тәрбиеші оқушылармен жеке әңгімелесіп оқушыны тануда осыны ескеруі керек. Әр оқушының жеке қабілетін ашу үшін педагог тәрбие жұмысында оқушыға үміт отын жаға білуі керек. Топта мәселен, қырсық, қыңыр көп сөйлемейтін бала болуы мүмкін. Бірақ тәрбиеші алдымен бұл қасиетін емес, жақсы жақтарын көріп соны айтып мақтап мадақтауы керек. Сондай-ақ ұжымда оған орындай алатын тапсырма беруі керек.

Баланың өзіне-өзінің сенім артып, топтағы белсенділігі күшейеді. Біртіндеп мұндай балаға деген талап күшейіп жұмыс түрі өзгереді. Оқушының жеке ерекшеліктеріне орай оған қажет болғанда жеке жерде, егер қайталанса сынып алдында ескерту жасалады. Оқушыларды тану үшін кең тараған әдіс педагогикалық бақылау болып табылады. Оқытуында ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыста топты бақылау, жеке оқушыларды бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бақылау нақты педагогикалық міндетке сай жүргізіледі.

Оқытуында ерекше қажеттіліктері бар балалардың ішінен біз белсенділігі аз, ешкіммен араласпайтын, баяу балалармен бірге қырсық-қыңыр өз айтқанын істеткісі келетін балаларды да көреміз. Бұл балаларға егер ол үйде болатын болса жанұяның, педагог пен дәрігердің тарапынан ерекше мұқияттылық қажет.

Мысалы, еңбекке баулуда балалар өз бетімен жұмыста бір-бірімен әңгімелеседі.

Тәрбие жұмысының қорытындысы әдіс-тәсілдерді, құрылымдарды дұрыс қолдануға байланысты. Әр оқушы әр түрлі жағдайда өзін әрқалай ұстайтынына байланысты әр тәрбиеленушінің жеке қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет.

Оқушылармен жұмыстың қорытындысы жеке бақылау күнделіктеріне жазылады. Бақылау күнделіктері мектепке түскен күннен бастап жүргізіледі. Күнделікке жазылған жазбалар тәрбиешіге тәрбиленушінің ұзақ жылдар бойы қалай дамып келе жатқанын көрсетеді. Ол арқылы алдағы тәрбие жұмысының жоспарының дұрыс жасалуына, көмекші жұмыстың, нақтылы түзету тәрбие міндеттерінің қойылып, оның дұрыс шешімін табуына мүмкіндік беріледі.

Оқытуында ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс тәжірибесі, мектепішілік үйірме жұмыстарын ұйымдастыру балалардың терең және жан-жақты дамуына әр түрлі дефектілер мен түзету тапсырмаларын дұрыс шешуге әсер етеді.

Алайда, оқытуында ерекше қажеттіліктері бар балалардың өз бетінше өмір сүруіне негізделетін үйірмелер қолға алынуы керек. Бұған жан-жақсы эстетикалық өзіне терең міндет қойған еңбектену қабілетін ашатын үйірмелер қажет. Үйірме жұмысын әр түрлі жалпы және арнайы білім беру пәндері негізінде жасауға болады.

  1. Шығармашылық еңбекке баулу сабағының міндеттері: өз қолдарымен әдемі бұйымдар жасаған балалар оның жемісін көріп энергия, жағымды эмоция, ішкі қанағаттану, өмірге деген құлшыныс сезімдері артады.

Шығармашылық еңбекпен айналысқанда келесі міндеттер шешіледі:

– Баланың танымын түзету түр, түс маталарын ажырату;

– Баланың аналитикалық-синтетикалық қабілеттерін дамыту, салыстыру және пысықтау мүмкіндіктері;

– адамның жан-дүие қызығушығына деген эмоционалды-эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу;

– Өнерге жан-дүние қызығушылығына деген эмоционалды-эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу:

– Күнделікті өмірде еркіндік сапасын, қарым-қатынас қасиетін білім алуға деген қабілетін дамыту.

Осылайша баланың барлық психикалық қызметі жұмыс жасап тұлғалық мүмкіндігін кешенді жолмен ашуға болады.

Сабақтан тыс жұмыстар ерікті жүргізілгендіктен оқушының жеке тырысуына жауап беруі керек. Сабақтан тыс жұмыс тәрбиешіге баланың шығармашылық мұмкіндігін дамытатын әр түрлі сабақтар өткізуге мүмкіндік туғызады. Олардың жұмысты орындауға қызығушылығын, шығармашылыққа сүйіспеншілігін арттырады. Сондықтан да, оқытуында ерекше қажеттіліктері бар балалардың бірден-бір тұлға болуына септігін тигізетін шығармашылық қабілетін дамыту- менің тәрбиешілік жұмысымның басты мақсатына айналды.

 

Сагимбекова Макпал Балтабаевна,

тәрбиеші  «№3 арнайы мектеп-интернаты»КММ