1-қыркүйек – Білім күні. Білім күні- тәуелсіз еліміз Қазақстанның болашағының мейрамы. Бұл күн тек қана оқушылардың мен ұстаздардың мерекесі ғана емес,сонымен қатар өз балаларынан өмірлерінің жалғасын,арман-мақсаттарының орындалып,олардың жарқын болашағын көруге үміттенген ата-аналардың да мейрамы. Баршаңызды құттықтай отырып, денсаулық,бақыт тілейміз!
Оқу жылының алғашқы күні мектебімізде көңілді де, қызықты өтті. Мектеп ауласында бірінші сынып оқушыларына салтанатты саптүзеу өткізілді. Іс-шара барысында мектеп басшысы Г.Қ.Кабулова ата-аналар мен ұстаздарға жылы лебізін білдіріп, мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, кішігірім сыйлықтармен қуантты. Мереке Қазақстан Республикасының Әнұранын орындауы мен Туын көтеру рәсімімен аяқталды. Ал 2-9 оқушылары «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында өткізілген республикалық сынып сағатына қатысты.
М.З.Акетова