«Балалардың қауіпсіздігі туралы » ата-аналарға ұсыныстар

Құрметті ата-аналар! Балалардың заңды өкілдері!

Еске саламыз !!!

 

– Бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік сізге жүктеледі.

– Күн сайын балаңызға жол ережелері туралы ескертіңіз:

  1. 1.Ересектерсіз жолға шығуға болмайды, егер ересектермен бірге қолынан ұстап шықсаң, жұлқынба, тротуардан шықпа.
  2. Көшеде тротуардың оң жағымен , баяу қадаммен жүріңіз.
  3. Жолды жаяу жүргіншілер тротуарынан бағдаршамның жасыл сигналына ғана,  барлық көліктердің тоқтағанына көз жеткізгесін  өтуге  болады.
  4. Жолдың жүріс бөлігі тек көлік құралдарына арналған.
  5. Қоғамдық көлікте әйнектен қол және қандай да бір заттарды   шығаруға  болмайды.
  6. Еске саламыз!!!

 

– Егер сіз балалармен бірге болсаңыз немесе сізге қонақтар келсе:

 

  1. Сіздің балаңыз әрқашан ересектердің көз алдында болуы керек.
  2. Балаларға арналған ойын алаңын зерттеңіз, бұл орынды қауіпті заттардан босатыңыз (өткір, кескіш, сіріңке, токқа қосылған заттар және т. б.)
  3. Балалар ыстық қазандықтардың жанында, ашық терезелер мен балкондардың жанында ойнамайтынына көз жеткізіңіз.
  4. Егер балалардың ойын  алаңының  жанында  жолдың жүру бөлігі орналасса  балаларға  мұқият болыңыз, оларды  көзден  таса  қалдырмаңыз.

 

                                                                          Әлеуметтік педагог Үсенова Ж. Т.