Балалардың өз бетімен үйден кетуінің алдын алу туралы ата-аналарға ұсыныстар

Сіздер қанша жұмысбасты болып, жеке жұмыстарыңыздан қолдарыңыз босамаса да, балаларыңыз  барлығын өздеріңізден үйренетінін естен шығармаңыздар. Үйренген барлық жақсы мен жаманды олар тек сіздерден алады. Өз балаңыздың кәмелетке толғанша өміріне, жасаған қылықтарына тек қана Сіз жаауаптсыз!

Отбасыңызда береке, балаңызбен қарым-қатынасыңыз жақсы болуы үшін төмендегідей қарапайым кеңестер ұсынамыз:

1) Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз. Сыныптағы жағдайды, басқа балалармен қарым-қатынасын біліп отырыңыз. Сабағын қадағалаңыз.

2)    Баланың мектептен келген кездегі көңіл күйіне назар аударыңыз. Көңілі түсінкі, сабаққа баратын уақытта барғысы келмесе, жылайтын болса, бірдеңенің дұрыс емес екеніне көз жеткізуге болады.

3)   Қатты шаршап тұсрсаңызда балаңызды тыңдаңыз! Балаңыз тек сізден ғана мейірімділік пен қоладу сөздерді күтеді. Кеңесіңізді тыңдағысы келеді.

4)    Есіңізде болсын! Баланың үйден кетуі оның жан айқайы, өзіне ұнамайтын затқа қарсы шығуы. Кей кездері ата-анаға қарсы шығуы. Ойланып көріңіз! Қай жерден қате жібердіңіз?

5)   Өзіңіздің балаңызға көп көңіл бөліңіз! Сөйлесіңіз. Ортақ іспен айналысыңыз. Бұл арақатынасты жақындастыруға көмектеседі.

6)    Бос уақытын тиімді ұйымдастырыңыз. Үйірмелерге, секцияларға тіркеңіз және оның қызығушылығын ескеріңіз. Егер де оны мәжбүрлеп беретін болсаңыз, істеген істеріңіз бекерге кетеді.

7)    Балаңыздың кіммен дос екенін біліңіз. Оның достарымен сіз де дос болыңыз! Үйіңізге қонаққа шақырыңыз, мектеп жайлы, жеке өмірі жайлы сөйлесіңіз.

8)   Балаңызды ешқашан ұрмаңыз! Қол жұмсағаннан гөрі сөзбен жеткізуге тырысыңыз! Жақсылап түсіндіріңіз!

Егер де сіздің балаңыз үйден кетіп қалса, есіңізде болсын: баланы іздеу жұмыстарын  ұйымдастырыңыз:

  – өз балаңыздың араласатын достарына, сонымен қатар туысқандарыңызға хабарласыңыз;

– олардың тұрғылықты мекен жайына барыңыз, балаңыздың күнделікті жүретін жерлерін қараңыз.

Алғашқы іздеу жұмыстары өз нәтижесін бермесе, іздеу туралы өтінішпен полиция қызметіне жүгініңіз.

Ата-аналар құқық қорғау органдарына бала жоғалғаннан соң 2 сағаттан кейін жүгіне алады.

Ата-аналар міндетті:

  1. Тәуліктің кез келген уақытында баласының қайда екенін білуге;
  2. Кәмелетке толмағандарға 22.00-ден кейін үлкендердің қарауынсыз қалуына жол бермеуге;
  3. Баланың айналасындағыларды тануға, сонымен қатар оның достарымен, таныстарымен араласуға, олардың мекен жайы мен телефондарын білуге;
  4. Балалардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыруға және оны жоспарлауға;
  5. Балалармен төмендегі тақырыптарға әңгімелесуге:

– жолдағы қауіпсіздік ережесін сақтау туралы;

– өрт болған жағдайда не істеу керектігі туралы;

– террористік акт кезіндегі қауіпсіздік;

– бөтен адамдармен қарым-қатыныасқа түспеу туралы т.с.с.

Жасөспірім үйден кетіп қалған жағдайда немесе келетін уақытынан бір сағатқа кешіккен жағдайда:

– достарына, таныстарына, туыстарға қоңырау шалу керек;

– баланың оқитын орнымен хабарласу қажет;

– жақын жердегі емдеу орындарына, «Жедел жәрдем» анқытамалығына хабарласу керек.

Бала табылмаған жағдайда:

  1. Ұстамдылық танытыңыз.
  2. Баланың кешігіп жатпағанына, үйден кетіп қалғанына көзіңіз жетсе полици бөліміне баланың жоғалғаны туралы арызданыңыз. Әрі қарай құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтқан нұсқаулықтарын орындаңыз.

 

                                                                         Әлеумуттік педагог Ж.Т.Үсенова