-Үйден қашпаңыз! Егер үйдегі өмірі шыдамсыз болса, мұғаліммен немесе сіз құрметтейтін адаммен сөйлесіңіз. Сіз үйден қашқаннан кейін сізді есірткі бизнесінде, порнографияда немесе жезөкшелікте қолдануға тырысатын адамдардың қолында боласыз
-Өз достығын ұсынатын адамдардан өте сақ болыңыз. Есіңізде болсын, сіз өзіңізді жалғыз сезініп немесе жабырқаған кезіңізде кездестірген қаскүнемге, өзіңізге жалған қамқор болатын, өз мақсаты үшін қолданатын құрбансыз.
-Ешқашан шөлді немесе белгісіз жерлерге шақыруларды қабылдамаңыз. Сізге өте жақсы жалақы ұсынатын адамдардан абай болыңыз.
-Олар сізді әйгілі етуге уәде беріп, барлық атақты адамдар осылай бастағанын айтса да, бейтаныс адамдар сізді суретке түсіруге ешқашан келіспеңіз.
-Ешқашан бейтаныс адамдармен бірге көлікке отырмаңыз.
-Топпен немесе досыңызбен бірге жүріңіз.
-Әрқашан ата-анаңызға достарыңызбен қайда болатындығыңызды және жоспарлардың өзгеруі туралы хабарлаңыз.
-Ешкімнің сіздің келісіміңізсіз сізге қол тигізуге құқығы жоқ. Солай жасағысы келген кісіге оны айтудан ұялма.
-Ішкі түйсігіңізге сенім артыңыз, қорқыныш сезімі пайда болса, демек, оған себеп бар.
Егер сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болғыңыз келмесе, бірнеше ережелерді сақтаңыз:
- Кешті бейтаныс ұжыммен өткізгіңіз келсе, өзіңізге сенімді досыңызды өзіңізбен бірге алыңыз.
- Кештің басында барлығына қоштаспай кетпейтіндігіңізді ескертіңіз. Егер сіз ұжымнан біреумен шығып жатсаңыз, достарыңызға кіммен кетіп жатқаныңызды айтыңыз.
- Өз түйсігіңізге сеніңіз. Егер сіз психологиялық ыңғайсыздықты сезінсеңіз, онда сіз өзіңізді қауіпсіз сезінбеуіңіз мүмкін.
- Өзіңіз үшін нақты шектеулер қойыңыз: не қалайсыз, неге жол бермейсіз.
- Нақты шешім қабылдау және кез-келген жағдайда дұрыс әрекет ету қабілетін сақтаңыз.
- Өзіңізді сенімді ұстаңыз. Сіз өзіңізді ойлауға және оған қамқорлық жасауға құқығыңыз бар, тіпті егер бұл басқа біреудің сезімін ренжітсе де.
- Егер сізді сауық кешінен қарсы алуға немесе шығарып салуға мүмкіндік болса, оны қолданыңыз (бұл сізге сенімділік береді және сіз өз әрекеттеріңізді жақсы басқара аласыз). Жеке көлік қызметтерін жалғыз пайдаланбаңыз. Бұл жағдайда шығарып салушыдан көліктің нөмірін есте сақтауды немесе жазуды сұраңыз.
- Егер сіз өзіңізді ыңғайсыз сезінетін, сіздің сезімдеріңізді елемейтін немесе сізге басқа жолмен құрметсіздік танытатын адаммен болсаңыз, сол адаммен қарым-қатынасты бірден тоқтатқан дұрыс.
Әлеуметтік педагог Ж.Т.Үсенова .