Ибраева Алма Амреевна
тәрбиеші, «№3 арнайы мектеп-интернаты»КММ
ЫБЫРАЙ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Қазақ халқының ақыны, ағартушысы, философы, педагогы көп болғанымен Ыбырайдың орны ерекше. Биыл Ыбырайдың 180 жылдығы аталып өтуде, бұл мерейтой кең байтақ жеріміз Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығымен сәкес келіп отыр. Ы.Алтынсариннің 180 –жылдығына орай Ыбырай әлеміне саяхат атты тәрбие сағаты ұйымдастырылған болатын.
Мақсаты: 1.Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.
- Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге, өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
- Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке,әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, топтастыру, түсіндіру, жұпта талқылау, сұрақ-жауап, Синквейн әдісі, әңгімелеу,сахналау түйін сөз.
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, карточкалар, ребус
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасу.
Өмірде бір данышпан
Қалдырыпты өсиет
Кездескенде әр адам
«Қайырлы күн!» деу керек!
І. Топқа бөлу
- Балалар , алдарыңда екі таңбалы сандар жатыр. Яғни жылдар сөйлейді. Қане, ойланып екі топқа бөлініп отыра қалыңдар.
- 1991 – 2021 жылы тәуелсіздік алдық. Биыл тәуелсізідігімізге 30 жыл болады. (эмблемаларымен бөлінеді)
- 1889 – 2021жылы ұлы ағартушы , ұстаз – жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл.
- Міне , балалар жылдар шежіресіне тоқтала отырып екі топқа бөлініп алдық. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ыбырай әлеміне саяхат». Тәрбие сағатына қызығушылықпен, ізденіспен қатысайық.
ІІ. Ыбырай туралы мәлімет (видеоролик қарауhttps://youtu.be/cX7jeeYg6ZI)
Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай қаласында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының белгілі би Балқожаның
қолында тәрбиеленді. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық
тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.
Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы, ғалым
В.В Григорьевпен жақын танысып алды.
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады.Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды.
ІІІ. Үй жұмысы
- Үйге берілген өлеңдерді жатқа айту, яғни қаншалықты Ыбырайдың өлеңдерін жатқа білетінімізді тексерейік.
( әр топқа өлеңдерді дұрыс жатқа айтқызу)
- «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін мәнерлеп оқыту.
ІV. Ыбырайдың ағартушылығы туралы ұғым. (видеоролик https://youtu.be/cX7jeeYg6ZI)
1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісінде /Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тілінен мұғалім етіп тағайындайды. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралына қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап,
халыққа мектептің пайдасы туралы әңгіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады. Ыбырайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат ашылады.Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсыкүрестің бір жолы есебінде қарайды.1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Орынборда 1879 жылы Алтынсаринның тұңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл құралды орыс алфавиті негізінде жариялады.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын»
балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырды.Олардың бірқатарын өзі жазды.
Музыка күй
- Топпен жұмыс. Ақын еңбектерінен«Ребус шешу»
Берілген суреттерден ребус құрастыру
VІ. Сахналық қойылым. «Бақша ағашы»
Күтілетін нәтиже: Бұл көріністен өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін шығармалар оқиғалары негізінде аша отырып, мейірімділікке, талаптылыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелеу.
- Бұл көріністен қандай ой түюге болады?
- Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының мазмұны қандай бағытқа жетелейді?
- Оқушыларға беретін қандай тәрбиелік мәні бар?
- Осы қасиеттің бәрін біз мектептен аламыз.
VІІ. «Синквейн әдісі»
Ыбырай
Білімді,ақылды
Оқытады,үйретеді,тәрбиелейді
Ыбырайдың шығармалары ұрпаққа өнеге.
Мектеп
«Мектеп – ұстаз – бала» бір – бірімен тығыз байланысты.
VІІІ. Қорытынды . «Дала қоңырауы» Ақылбек Шаяхметовтың өлең жолдарымен бүгінгі тәрбие сағатын аяқтау.
Өткізілген тәрбие сағаты оқушылардың Ы.Алтынсарин өмірімен, шығармашылығымен және жас ұрпаққа қалдырған өнегесімен таныстыру болды. Оқушылар өлеңдерін жатқа айтып, белседілік танытты.Оқушылар ақынның «Кел,балалар, оқылық!»өлеңін жатқа айтып ақынның шығармашылығына немқұрайлы емес екеніне көз жеткізді. Өткізілген іс -шара өзінің мақсатына жетті.