Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2022 жылдың 31 қаңтарда Zoom платформасы арқылы «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды үйде оқытудың ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері» атты семинар өткізді. Аталған семинарға «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ дефетологы Писегова А.Р. «Ерекше білім беруді қажет ететін үйде оқытылатын оқушылармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарының ерекшеліктері» баяндамасымен қатысты.