Армандарды жүзеге асыруда…

Павлодар облысы Білім беру басқармасының бастамасымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жас волонтер» жобасы ұсынылған болатын. «Волонтерлікті неден бастау керек?», «Біздің мектеп оқушылары бұл бағытта өздерін қалай таныта алады?» деген сұрақтар баршамызды мазалады. Әрине, волонтерлікті оқып танығандықтан! Балалар волонтер деп кімдерді атайды, олардың қызметі қандай екенін білуге қызығушылық таныта бастады. Туындаған сұрақтар балалардың қызығушылығы уйден оқытылатын оқушыларға шеберлік сағатымен неге бармасқа, оларға да шығармашылық қызметті неге ұсынып көрмеске деген ойға жетеледі. Көмектесу мүмкіндігі өте көп! Тек көңіл қалауы мен құмарту сезімі қажет!

Біздің мектептен бірінші волонтерлер болып 9 сынып оқушылары Екатерина Кукреш, Сания Смакова, Зарина Холова, Валентина Полюхович және олардың тәрбиешісі А.Е.Ерболатова танылды.Олар өздерінің уйден оқытылатын сыныптасы болатын Анастасия Ильинаға баруды ұйғарды. Кездесу өте жайлы, достық, жылы қарым-қатынаста өтті. Қатысушылар қағаздан бұйымдар жасаумен айналысты. Бірлескен шығармашылық – бұл емдік шығармашылық. Мұнда балалар әдемі, пайдалы, жаңа бір дүние жасаушы ретінде еңбектенді. Волонтер-қыздарымыздың өз тәлімгер-тәрбиешілерінен үйренген қағазбен жұмыс жасау шеберліктерімен, икемділіктерімен қалай тәжірибе бөліскенін тамашалау өте қызықты болды. Настяның сыныптастарымен күтпеген кездесуін сөзбен жеткізу мүмкін емес!!! Жас волонтерлер атқарылған жұмыстан, кездесуден көңілді оралды!

Біз үшін осындай жұмыс – мүмкіндігі шектеулі балаларды бір-бірімен біріктіруге ерекше бір талпыныс. Мүмкін, осындай қарым-қатынас жасау арқылы, біз бір-бірімізге қолдау көрсетіп, уақытымызды пайдалы өткізе аламыз. Осындай игі істер арқылы, біздер, мүгедек балаларға оларды жақсы көретінімізді, әрдайым қамқор болатынымызды  сездіре аламыз.

 

Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы

білім беру мектеп-интернатының әкімшілігі.

Be the first to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published.


*