Салауатты өмір салты – ұлт болашағының кілті

Жастар – ұлт болашағы. Болашағымыз жарқын болу үшін, балаларымыздың жаны да, тәні де сау болу керек. Осы мақсатта 8 қыркүйек күні мектеп-интернатымызда «Салауатты өмір салты – ұлт болашағының кілті» атты спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шараға оқушылар, педагогтар қатысты.
Іс-шара екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде көңілді старттар өткізілсе, екінші кезеңде «Чемпион» көркем фильмі тамашаланды.
Көңілді старттар ойынында барлық қатысушылар белсенділік танытты. Үш топқа бөлініп жарысқан командалар арасынан «Астана» командасы суырылып шығып, жеңіске жетті. Барлық командалар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Be the first to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published.


*