«Қауіпсіздік әліппесі»
Балаларыңызбен төмендегі тақырыптарға сөйлесіңіздер:
– үйде жалғыз қалғанда не істеуге болады және не істеуге болмайды;
– үйде қандай қауіпті заттар бар;
– от біздің досымыз, әрі жауымыз (өрт сөндірушілер, электрлік пеш, баспалдақ, от, қауіп-қатер);
– Даладағы қауіпсіздік . Бағдаршаммен таныстыру және оның түстерінің не үшін керектігін айту;
– реттеуші – мамандығымен таныстыру;
– даладағы, ауладағы қауіпті жайттар.
«Қауіпсіздік ережесі»
– Үйіңнен, аулаңнан алысқа кетпе!
– Бейтаныс адамдардң қолынан ештеңе алма!
– Қараңғы уақытқа дейін далада қыдырма!
– Бейтаныс жасөсіпірмдердің жанына жолама!
– Адам көп жүрмейтін жерлерден, шұңқыр, ескі үйлер, қора, жертөлелерден аулақ бол!
– Жалғыз өзің алыс сапарға шықпа!
– Бейтаныс адаммен лифтқа, подъездға кірме!
– Таныс емес адамадарға есік ашпа!
– Бөтен адамның көлігіне мінбе!
– Бейтаныс адамдардың барлық сұрақтарына «жоқ» деген жауап бер. Олардан қашықта жүр!
– Ешқашан, ешқандай жерде адамдарды көмекке шақыруға ұялма!
– Қауіп төнген уақытта дауысыңды қатты шығарып айқайла, бөгде адам ұстап алған болса жұлқынып шығып кетуге тырыс!
Естеріңізде болсын! Қарапайым ережелерді білу Сіздердің және балаларыңыздың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.