Бұл дәйексөз ата-аналарға арналған «Бәрінен бұрын біз ата-анамыз»психологиялық тренингіне негіз болды. Мақсаты: тәрбие мәселелерінде ата-ана құзыреттілігін арттыру, ата-ана қамқорлығы шарасының маңыздылығы мен парасаттылығын түсіну, балалармен қарым-қатынасты жақсартуға мотивация қалыптастыру, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынаста бірлік сезімін өзектендіру.