«Отбасы – өмірдің рәмізі»

2018 жылдың мамыр айының 4-ші жұлдызы күні Республикалық «Отбасы сағаты» акциясы шеңберінде Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатында «Отбасы-өмірдің рәмізі» атты ауқымды іс-шара өтті.

Мектептің мәжіліс залында ата-аналар өткізілетін іс-шараның тәсілімен таныстырылды.Бұл шара ойын аялдамалары түрімен өткізілді. Ата-аналар балаларымен бірге топтарға бөлініп, берілген бағыттар бойынша жылжып отырды.Әрбір аялдамада оларды қызықты ойын тапсырмалары, ән-күй, тренинг, мастер-класстар күтіп тұрды.

«Менің бақытты отбасым» аялдамасы-балалар мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас тренингі ретінде өтті.

Ата-аналар мен балалар «Айна» ойынын ойнады. Бұнда ата-ана өз баласының іс-әрекет, қимылының көшірмесін жасады. Яғни, айна қатесіз көшірмесі болды. Ата-аналарға релаксация өте қатты ұнады.

 

«Отбасы – бақыт мекені»аялдамасы

Бұл аялдамада саяхаттаушы ата-аналар мен балалар қамқорлық пен адамгершілік және отбасындағы ең маңызды құндылық жайында аңыз-әңгіме тыңдады. Содан кейін, «Тап та, айт!» , «Мақалды аяқта» ойындарын ойнады. Ал, соңында ата-аналар жабулы көздерімен өз баласын табуы керек болды.

«Менің жеті атам»аялдамасы

Бұнда балалар тек отбасы мүшесі ғана емес, сол отбасының жалғастырушы ұрпағы екенін білді. Ата-аналаротбасы, жеті атасы сияқты ақпараттармен бөлісті. Тапсырмалар соңында мәуелі бәйтерек жайнап, жайқала түсті.

«Отбасы – тәрбиенің басты ұясы»аялдамасы

Бұл аялдамада  қанатты, нақыл сөздермен жұмыс жасалды. Аялдаманың ұраны-«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» нақыл сөзі болды. Ата-аналар аса зор ынтамен кез-келген мақалдың мән-мағынасын талқылап, түсіндіріп, өмірмен байланыстырып баяндап берді.

«Тілектер алақаны»аялдамасы

Бұл аялдаманың мақсаты –ата-ана мен баланы бірлескен шығармашылық жұмыста жақындастыру. Қима қағаздардан құралған тілектер алақаны топтамасы үлкен бір күннің бейнесін құрады.Күннің ортасында балалардың фотосуреттері болды. Бірлесіп жасалған жұмыстың нәтижесінен үлкендер де, балалар да жақсы әсер алды.

«Асық ату»аялдамасы

Ұлттық ойынды ойнау барлық жастағы қатысушыларға ұйымдастырылыды. Ойын әсерлі, қызықты өтті. Ата-аналар Асық ату ойынының түрлерімен таныстырылып, қызықты ақпарат алғаны үшін ұстаздарға алғыстарын білдірді.

«Отбасындағы адами қарым-қатынас формуласы» аялдамасы

Әрбір тапсырманы орындауда ата-аналар өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.Қағаз жүрекшелерге ата-аналар өз баласының қандай болғанын қалайды жіне бақытты болуы үшін не жасайтыны туралы қысқаша жазып көрсетті. барлық кішкентай жүрекшелер топтамас үлкен бір ата-ана жүрегін құрады. Бұл жүрек балаларға жылу, қамқорлық, сүйіспеншілік, махаббат сыйлады.

«Шеберлер»аялдамасы

Бұл аялдаманың қатысушылары тарихтың Ұлы Отан соғысы уақытына шомылды. ҰОС-ның ардагерлерін еске алды. Түрлі түсті қағаздан қалампыр гүлін жасады. Содан кейін бұл гүлдері «Ешкім де ұмытылмайды, ешкім де ұмыт қалмайды» бұрышына салды. Бұл аялдамадан қатысушылар үлкен әсер алып, тарихты еске алып, ардагерлерге құрмет көрсетіп келесі аялдамаға көшті.

«Караоке – бар»аялдамасы

Бұл аялдамада қатысушылар кез-келген қалаған әндерін таңдап айтып берді. Ата-аналар да , балалар да мәз-мейрам болып, қуанып ән шырқады.Олардың жүздерінен күлкі, қуаныш кетпеді.

Саяхат соңында ата-аналар алған әсерлерімен бөлісті. Топ болып жұмыс жасап, бірлік, ұйымшылдық, сыйластық сияқты қасиеттерге бөленгендерін айтты. Олар ата-ана мен баланы жақындастырып, бақытты сәтке әлдилеген ұйымдастырушы ұстаздар қауымына алғыстарын білдірді. «Біз балаларымыз үшін ешбір алаңсыз отыра беруімізге болады екен, жұмыстарыңызды барлық қырынан көрдік» деп тағы бір мәрте атап өтті. Ұжымға шығармашылық табыстар тіледі.

Біз, мектеп-интернат ұстаздары бұл іс-шаражоғары деңгейде өтті деп санаймыз. Әрбір аялдамада алға қойған мақсат қатысушылардың көмегімен жүзеге асты.