Ағымдағы айдың 30-шы жұлдызында мектеп-интернат ұжымы Павлодар облысы бойынша департаментінің мобильді азаматтардың деректер базасында тіркелуі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді телеграм-бота арқылы алуға арналған жұмыс нұсқаулықтарын қолдану туралы ақпаратпен таныстырылды. Ұжым мүшелеріне қысқаша «Телеграмм» мессенджері туралы ақпарат беріліп, осы арқылы алынатын мемлекеттік қызметтер туралы айтылды.
Берілген ақпарат бойынша қызметкерлер жұмыс орнында, үйінде және басқа да жерлерде жүргенде мемлекеттік қызметтердің бірнеше түрін қолдарындағы смартфон, планшет т.б. байланыс құралдары арқылы ала алатыны белгілі болды. Оның ішінде: мекен-жайы туралы анықтама, медициналық анықтамалар т.с.с. Технологияның дамуы көптеген жағдайлардың қолжетімділігіне әкеле жатыр. Осыған дейін сансыз азаматтардан құралған кезекте тұрып және ақшаға сатып алынатын анықтамаларды, бүгінгі күнде осындай оңай жолмен алуға мүмкіншілік алғанымызға бәріміз қуаныштымыз. Қымбат уақытымыз үнемделіп, үнемдеген уақытымызды оқушыларымыздың білімді азамат болып өсуіне пайдалана аламыз. Бұл ақпараттың қызметкерлердің қажетіне жарары сөзсіз.
Мектеп-интернат әкімшілігі