Біз өз іс-әрекеттерімізге жауаптымыз

07.03.2024 жылы «№ 3 арнайы мектеп-интернаты» КММ әлеуметтік педагогы Ж. Т. Усенова «Біз өз іс-әрекеттерімізге жауаптымыз» тақырыбында әңгіме өткізді.

Әңгіме мақсаты: заңға бағынатын азаматты тәрбиелеуге ықпал ету.

Әңгіме жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алу  және  оны болдырмау мақсатында өткізілді.

Әңгімелесу барысында кәмелетке толмағандар құқықтық жауапкершіліктің                   4 түрі туралы білді: қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, азаматтық-құқықтық. Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, түрлі жағдайларды қарастырып, оларды құқықтық жауапкершілік түрімен байланыстырып, құқық бұзушылықтардың себептерін анықтады.