Артикуляциялық жаттығулардың пайдасы

Сөздегі дыбыстарды айту-бұл баланың нәресте шағынан басьап, қиын да күрделі қозғалыс. Ол нәресте шағынан бастап тілімен, ернімен, астыңғы жағымен, былдырлап, уілдеуімен мимикалық қозғалыстарды яғни, артикуляциялық жаттығуларды жасай бастайды. Осы жағдайлар баланың сөйлеу тілінің ең алғашқы кезеңі болып табылады. Осы қозғалыстар балаларда нақтыланып, күшейіп ақырындап дами береді.

Арнайы логопедиялық жаттығуларды айтқанда біз көптеген ағзалар мен бет бұлшық еттерін, ауыз қуысын, мойын, иық белдеулерін және кеуде жасушасына арналған жаттығуларды айтамыз.

Артикуляциялық жаттығу-бұл сөйлеу тілінің аппаратын, бұлшықеттерін шынықтыратын, күш беретін, қозғалысы мен сөйлеуге жауап беретін ағзаларды, сөзге қатысы бар органдары біріктіріп жаттықтыратын жаттығу.

Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс орындау үшін мыналарды жақсы білген жөн:

-артикуляциялық аппараттың әртүрлі органдарына қандай қозғалыстар тиімді;

-әрбір қойылатын дыбысты түзеу үшін қандай жаттығулар керек екенін:

Артикуляциялық жаттығулардың мақсаты:

Артикуляциялық жаттығулар сөйлеу дыбыстарын қалыптастырудың және дыбыстаудағы кез-келген кемістікті түзетудің негізі болып табылады.

Сөйлеу органдарының ішіндегі ең қозғалыстығы-тіл. Ол тілдің арқасы мен тамыры. Тілдің арқасы артқы, ортаңғы және алдыңғы болып бөлінеді. Ең белсендісі тілдің ортаңғы және алдыңғы бөліктерінің ұшы мен шеттері. Дыбыстардың таза шығуы тілдің осы бөліктерінің жұмыстарына байланысты.

Дауыссыз дыбыстарды шығаруда тілдің қай бөлігі белсенді болса дыбыстарды да солай бөледі.

Тіл алды дыбыстар: т,д,н,х,р,ш,ж,ч,щ,с,з,ц

Тіл ортасы дыбыстар: й

Тіл арты дыбыстар: к.қ,г, ғ,хтілдің алдыңғы бөлігі мен ұшының қимыл-қозғалысы белсенді болып келеді. Тілдің ұшы с, з, ц дыбыстарын айтқанда тістің артына тіреліп, т,д,н  дыбыстарын айтқанда үстінгі тістің артына көтеріліп, л дыбысы кезінде үстіңгі таңдайға жабысып, р дыбысында тілдің ұшы таңдайға тіреліп шығарылғңан  ауа арқылы діріл пайда болады.

С,з, ц  дыбыстарын айтқанда тілдің ұшының қатысынсыз-ақ тілдің арқасының алдыңғы бөлігін таңдайға көтеру арқылы қуыс жасап та шығаруға болады. Ш, ж, щ дыбыстарында тілді ұшымен бірге таңдайға көтеріп қуыс жасап дыбыстауға болады.

Тілдің арқасының жеке қозғалысы шектеулі. Алдыңғы және артқы бөліктердің қимылын қоспағанда ол тек қатты таңдайға көтеріліп  й  дыбысын жұмсақ дауыссыз дыбыстарды шығара алады.

К,г дыбыстарда тілдің шеткі бөлігі азу тістердің үстіңгі бөлігіне жабысып немесе қуыс жасай отырып  х дыбысын шығарады.

Астыңғы ерін: белсенді қозғалысқа ие. Ол үстіңгі ерінмен жыбысып п, б, м дыбыстарын шығарса, үстіңгі алдынғы тістерге  қуыс жасай отырып в, ф дыбыстарын шығарады.

Астыңғы жақ: көтеріліп, түсу арқылы ауыз қимылын өзгертіп, дауысты дыбыстар шығаруда маңызды.

Жұмсақ таңдай: төмен түсіп тұрғанда үрленген ауа мұрын арқылы шығып, мұрындық, м, н дыбыстары айтылады. Сондықтан, әртүрлі дыбыстарды шығару барысында тілдік, ауыз қуысы органдары өздеріне білгілі қалыптарын сақтайды.

Таза дыбыстау,сөйлеу, сөйлемдер құрастыру үшін сөйлеу аппараты жеткілікті қозғалыста болуы шарт.

Қозғалыстың дәлдігі-сөйлеу органының соңғы нәтижесінің дұрыстығы үшін, сол органның орналасуы мен формасының бағалануы.

Қозғалыстың жұмсақтығы мен жеңілдігі-сөйлеу органының дірілдеуі, жұлқуы, сілкінуінің жоқтығы.
Бұлшықеттердің тартылуы жұмсақтық пен жеңілдікті ылғи бұзады. Жаттығу жасау барысында басқа органдар қосымша қозғалысынсыз орындалуы қажет.

Қарқын– бұл қозғалыстың жылдамдығы. Бастапқы кезде жаттығу қауіпі біршама баяу болғанымен біртіндеп жылдамдай береді. Қарқынның жылдамдығы мен баяулығын бала өз бетімен бақылай алатынын жетілдіру маңызды.

Тұрақтылық-сөйлеу органының қалпын өзгеріссіз 10 секундқа дейін өз бетімен ұстап тұру.

Басқа қозғалыспен қалыпқа ауысу-жұмсақ және жеткілікті жылдам орындалуы керек.

Жаттығулар ойын түрінде өткізіледі. Артикуляциялық аппараттың барлық қозғалыстарының кез келген жаттығулары жаттығудың жаңа түріне ауысарда реттілікпен іркіліспен аралықты сақтай отырып, бала өзінің іс-әрекетін түсініп, үлкендердің бақылауымен іске асады.

Тілің не  істеп, ол қайда тұр (тілдің астында, үстінде), ол қандай (жалпақ, жіңішке) деген жетекші сұрақтар қою арқылы балаға көмектесіп отыру керек. Бұл жаттығуға деген қызығушылығын туғызып, оның тиімділігін арттырады.

Әрбір жаттығуға орындалу барысна сәйкес ойын әрекеті ойлап табылады. Мысалы: «Алтыбақан» жалпақ тілдің ұшы үстіңгі ерін мен астыңғы ерінге кзек қозғалады. Осы жаттығуды ойынға айналдыра оытрып, баланың зейінін шоғырландырып, жаттығуды сапалы орындатуға болады.

Жаттығу ана алдында үлкен адамның көмегімен орындалады. Егер бала қандай да бір жаттығуды орындай алмаса шпатель, зондтар арқылы тілін қозғауға болады. Бала өзінің тілінің қай жерде тұрғанын әркез біле білмейді. Осындайда механикалық көмектің маңызы зор. Бала айна алдында көзбе-көз өзіне бақылау жасауы маңызды. Алғашқыда өз бетімен жасалатын қозғалыс баяу болады. Содан соң көптеген қайталаулардың арқасында жеңілджеп, ерікті, қалыпты қарқынға түседі. Сол үшін артикуляциялық жаттығуларды күнделікті, тіпті күніне 2-3 реттен қайталап арықылы қозағлысты қалыптастырады. Орындалған жаттығулардың сапалы болуы үшін, баланың шаршап қалмауында бақылауда ұстау керек.

Мөлшер (қайталанудың саны)-бір жаттығуды әр балаға жеке орындату керек. Алғашқы сабақтарда жаттығуды екі рет қайталаумен шектеліп, бара-бара 15-20 ретке дейін өсіруге болады. Орындалып жүрген жаттығуларға жаңа жаттығу түрлері бір-бірден енгізілуі керек, ал. Алдыңғылары  қайталауға қалдырып отырылады. Жаттығуларды толық меңгермей жаңасы енгізілмейді.

Артикуляциялық жаттығуларды негізінен отырып орындайды, бұл жағдайда баланың арқасы тік, денесі, аяқ-қолдапры бос болады. Баланы айна алдына логопедті көре алатындай етіп отырғызу керек, артикуляциялық жаттығулардың ұзақтығы, мөлшері баланың денсаулық жағдайы мен тіл кемістігінің ауырлығына байланысты.

Артикуляциялық жаттығулардың түрлері:

  1. Иық бұлшықетеріне арналған жаттығулар.
  2. Астыңғы жақ сүйектеріне арналған жаттығулар.
  3. Мойын бұлшықеттеріне арналған жатығулар,
  4. Шайнау бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.
  5. Беттің мимикалық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.
  6. Жұмсақ таңдайға ареналған жаттығулар.
  7. Тілдің бұлшықеттеріне арналғңан жаттығулар,.
  8. Артикуляциялық –мимикалық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.
  9. Жұтқыншақ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар,
  10. Ерін мен бетке арналған жаттығулар.
  11. Ауыз қуысы аумағының мимикалық жаттығулары

 

 

 

Логопед:ТусупбековаД.Е.