Аяз ата шеберханасы

Жаңа жыл қарсаңында мектеп-интернат оқушылары «Ақсу қаласының славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің базасында Аяз Ата шеберханасына барды (жетекшісі В. П. Солдаткина).

«Берегиня» халық шығармашылығы клубының шеберлерінің жетекшілігімен балалар нағыз қысқы ертегі сиқырына қол жеткізіп, жаңа жылдық панно жасау шеберлік сағатына қатысып, мерекелік көңіл күймен қуатталды.