Балалар жылы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастау алған 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.
Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Бұл жылды тек ұрандатып немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керек. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз, – деп атап өтті Президент.