«Бауырсақ Fest -2023»

16 наурызда «Бауырсақ Fest -2023» мерекелік байқауы өтті. Іс-шараға қызығушылық танытқандардың барлығы қатысты.
Қатысушылар бауырсақ пісіріп, тағамдарын ұсынуы керек болды. Қазылар алқасы ретінде мектеп басшысы Г.К.Кабулова, Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы М.Қ.Омарғалиев, Ақсу қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің халықпен жұмыс жөніндегі инспекторы Файзулина К.З.
Жарыстың жеңімпазы 9-10 А сыныптар құрамасы атанды.
Ата-ана Г.А.Самированың айтуынша, «Бауырсақ фест» мектептің тағы бір игі дәстүріне айналып, оқушыларды адамгершілік мәдениетке, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелейді. Бұл тек тәрбие жұмысы ғана емес, сонымен қатар балалар мен олардың ата-аналарының бірлескен демалу уақыты болды.