Бейімделген футбол бойынша спорттық секциясы

Футбол – әлемдегі ең танымал спорт түрі, ол мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді болуы керек. Осы мақсатта бейімделген футболдың маңызы зор.

Бейімделетін футбол – бұл футбол элементтерін пайдалана отырып, ойын түрінде өтетін допты жаттықтыру.

Мектебіміздің балалары Ақсу қаласындағы «Арлан Арена» спорт кешенінің ұйымдастыруымен бейімделген футбол секциясына қатысады.