«Джунгли шақырады!» атты спорттық бағдарлама

да өзара көмек пен түсіністік таныта алды.
26 қаңтар күні №3 арнайы мектеп-интернатында жыл сайынғы денсаулық күні өтті. Бұл жолы балалар Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы жоғары көпсалалы колледжінің еріктілер студенттік қозғалысының көмегімен ұйымдастырылған
Спорттық мереке бағдарлама кейіпкерлері Маугли, Багиера, Балу және Каа орындаған хореографиялық нөмірмен басталып, балаларға қуат пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Балалар «Аң аулау уақыты», «Жыландар», «Жүзім торынан өту», «Апельсин теру» т.б эстафеталарда үлкен ықыласпен бақ сынады. Сайыс әр қатысушы өзінің ептілігін, жылдамдығын, дәлдік және тапқырлығын көрсете алатындай етіп ұйымдастырылған.

Іс-шара барысында қатысушылардың көңіл күйі эмоция мен толқуларға толы болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар мультфильм кейіпкерлеріне жарқын эмоциялар мен көңілді ойындар үшін алғыс білдірді.

Жарыс қорытындысы бойынша достық жеңіске жетті.