Ерінге арналған жаттығулар

Еріннің қозғалу қабілетін дамытуға арналған жаттығулар:

Қоршау

Тістер біріктірілген, ерін күлімдейді.

Тоқаш

Еріндер біріктірілмеген, дөңгеленіп тұрады.

Керней

Біріктірілмеген еріндер алға қарай созылады.

Пілдің тұмсығы

Еріндер біріктірілген және алға қарай қатты созылады.

Үйректің тұмсығы

Еріндер біріктірілген, алға қарай созылады – жоғарғы ерін жоғары қарай көтерілген, ал төменгі төмен қарай түсірілген.

Терезе

«Ыстық» — ауыз үлкен болып ашылады, ауызды жабу – «суық»

Шар

Ұртты толтыру, ауаның бәрін шығарып ұртты жинау.

 

а) Екі  ерінді  ауыз ішіне  тарту. (1-4 рет)

ә) Үстіңгі  және  астыңғы ерінді  уқалау. (1-4 рет) 

б)  Ерінді алдыға  созуын  үйрету.

Түйіскен  еріндерді  алдыға  түтікше  тәрізді созу.

(1-5 рет)

в)Жоғарғы  және  астыңғы  тістерді  көрсетіп

 қиналмай  жымию. (балаға  дұрыс істеуді

үйрету  үшін  іштен  «и»  дыбысын  айту  керек).

(1-5 рет)

 

Логопед:Тусупбекова Дана Ерболатовна