«Есте сақтау!»


Бүгін мектепте Жеңіс күніне арналған сынып сағаттары өтті.
Сынып жетекшілері өз өмірін қиып, бүкіл жер бетінде бейбітшілік орнатқан адамдарды еске алу бізге сеніп тапсырылғанын айтты.
Ұстаздардың әңгімелерінен балалар соғыс кезіндегі өмірдің қаншалықты ауыр болғанын, неліктен қазіргі заманда нанның қадірін білу керектігін түсінді. Балалар да қорқынышты оқиғалар туралы естіді.
Оқушылар Екінші дүниежүзілік соғыстың батырлары туралы әңгімелеп, өлеңдер оқыды.
Шара соңында марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алды.