«Ешкім соғыс үшін жаратылған емес»

15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне арналған шара өтті. Студенттер мен оқытушылар ерлік пен қаһармандықтың биік үлгісін көрсеткен интернационалист-жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.Бағдарламада соғыс жылдарының шежіресі бейнефильм көрсетілді, жауынгерлердің хаттары тыңдалды. Шара «Спецназ» хореографиялық номерімен аяқталды.