«Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындары

«Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындары 2022 жылғы 26-30 қыркүйек аралығында Балуан Шолақ атындағы Спорт Сарайында және Алматы қаласының орталық стадионында өтті.Оларға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шыңғыс Балтабайұлы Ақетовтың жетекшілігімен біздің мектептің командасы, оқушылар Айжібек Уатханқызы мен Максим Рябченко қатысты. Ойын қорытындысы бойынша асық атудан 1 орынды Максим Рябченко және бес тас бойынша 2 орынды Айжібек Уатханқызы иеленді. Жеңімпаздарымыз бен жаттықтырушымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!!