Курс келесі модульдерді қарастырды:

2023-жылдың наурыз айының 10-21 аралығында «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты 80 сағат көлемінде курс өткізді.

Курс келесі модульдерді қарастырды:

  1. Білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылықтың аспектілері нормативтік құжаттары
  2. Білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу контекстіндегі даму мен тәрбиелеудің мазмұны мен тәсілдерін жетілдіру
  3. Педагогтердің цифрлық сауаттылығы мен ІТ-құзыреттілігін дамыту
  4. Қорытынды бақылау. Жоба міндеттері мен оны қорғау.

 

Курс өте қызықты, танымды, құнды өтті. Аз ғана теория мен көлемді тәжірибе тренинг, шеберлік  сағат, жаттығулар, ойындар түрінде өтті. «Ата-аналармен отбасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты шеберлік сағатымен тәжірибе бөлістім. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты тақырыпта ұжымдық жоба қорғадым.

Курс қорытындысы бойынша қосымшасы бар сертификат пен тәжірибе бөліскенім үшін анықтама қағазы берілді.

 

Педагог-психолог Рыспаева А.К.