Логопед жұмысындағы сенсорлық интеграция

Сөйлеу қабілеті – ақпарат алмасудың, негізгі дамудың ең жоғарғы функциясы. Сөйлеу қабілеті дамымайынша, баланың барлық психикалық процестері ақсайды. Ол психикалық процестерге ойлауы, сөйлеуі, қабылдауы, қабілеті, қиялы, зейіні жатады. Яғни осы процестер дамымай артта қалса, бала өз жасына сай дамымайды.

Баланың екі жақ ми жарты шары бар. Оң жағы область Вернике – ол сөйлеуі аймағы, бұл аймақ пассивтік сөздік қорына жауап береді. Сол жағы область Броко – моторлы сөйлеу, сөздерді анық айту үшін бет пен ауыздың қимылдарын басқарумен байланысты.

Егер пассивті сөйлеу мен моторлы сөйлеу төмендесе, балада ауыр диагноздарға әкеледі.

Тіл дамымауының себептері:

Ішкі факторлар:

  1. Жүктілікке дейінгі дайындық. Алдын-ала Д және Б тобындағы дәрімендерге анализ тапсыру, фолиевая кислота, феритин, гемоглобин деңгейін тексеру. Инфекцияларға тексерілу қажет: цитомегаловирус, гепатит В, С, Вич, сифилис, герпес вирусы, таксоплазмоз, уреаплазмоз, гарднереллез және т.б.
  2. Родовая травма, акушердің ерте баланы қозғап алуы, смещение позвонков. Баланы босану кезінде баспен емес, аяқтарымен келуі, яғни вестибулярлы аппаратың бұзылуын осы кезден байқауға болады.
  3. Жүктілік кезіндегі стресс әсері
  4. Пассивное курение, алкоголь
  5. Гемоглобиннің төмен болуы. Яғни баланың миында кислородтың төмендеуі, миы тұншығады, гипоксия болады, әртүрлі патология болуы мүмкін.

Сыртқы факторлар:

  1. Нашар экология (жұтқан ауа, ішкен су, полигон)
  2. Психикалық травма
  3. Қарым-қатынас жасайтын ортасы (баламен көп сөйлеспеуі, цифровой шум, шулы орта)
  4. Педагогикалық қателіктер(тұрмыстық сөздермен шектелу, тым жоғары талап немесе селқос қарау)
  5. Сыртқы шум, телефон әсер етеді. Қазіргі балалардың иммунитеті қалыптасқан, олар екі тілді қатар алып жүре алады, мысалы үйде әке-шешесі қазақ тілінде сөйлейді, бала орысша сөйлейді. 1 жастағы бала ютубыты қалай қосып, мобильный данныйды қалай қосып-өшіруді біледі, яғни ол қазіргі баланың қабілеті. Бірақ та біз оны шамадан тыс көп қарауды қадағалауымыз керек. Жарты сағаттан көп қарамауы тиіс. Бала өзінің өмірімен даму керек, бірақ шектен тыс емес.

Сабақты тиімді жүйемен ұйымдастыру.

Сабақты тиімді ұйымдастыру жүйесі, сабақты неден бастаймыз, алдыңызға келген баламен қалай жұмыс жасаймыз, әр минут пен секундты өнімді өткізу үшін осы пирамидаға сүйеніп, сабағымызды бастасақ болады. Мысалы, ЗПР бала келсе, бірден ойлау қабілетіне арналған тапсырмадан бастап кетпейміз. Артикуляциялық немесе тыныс алу жаттығулардан бастап кетпейміз.

Сіз баланың сөйлеуін дамытсаңызда, дыбысты қойсаңызда, дисграфиямен, гиперактивтілігімен жұмыс атқарсаңызда, ең алдымен осы жүйені бастаймыз. Неге осы жүйе, себебі, адамның жалпы дамуы, өмір сүру барысы, жоғарғы жүйке жүйесінің әрбір нейрондары осы этаптардан тұрады.

Бұл Вильямс пен Шелленберг «Пирамида» әдісі.

Мысалы: гүл жайқалып өсу үшін, бізге су ауа, топырақ, жер керек. Сол секілді бала жан-жақты даму, сөйлеу үшін, ортаға бейімделіп, қалыптасуы үшін балаға. Яғни вестибулярлық, тактильді, проприоцивтивті сенсорлық қабілеттерін дамыту керек. Сенсорлық интеграция пастулаттары негізі нейропсихологиялық жаттығулармен дамытамыз.

Астыңғы сары этап сенсорлы дамыту этап, одан кейін сенсомоторлы дамыту этапы, одан кейін перцептивті дамыту этапы және интеллектуалды дамыту этапы. Баланың сөйлеуін дамыту үшін, осы этаптардан бастап, түзету керек. Мысалы гиперактивті бала келсе, мінез-құлқында бұзушылық болатын, бір орында отыра алмайтын, зейіні тұрақсыз осы жүйеден бастаймыз.

Осы жүйемен тиімді жұмыс атқарсақ, нәтиже болады. Осы процестердің барлығы негізі 7 жасқа дейін даму керек. Егер өздігінен қалыптаспаса, онда көмектесу керек. Балада тежелу болып тұр. Орталық ж.ж. зақым келген. Мүмкін туған кезде, құрсақта, жүре келе зақым келді. Американың әрбір мектебі мен балабақшасында 10 жасқа дейінгі баламен осы жүйемен жұмыс атқарылады. Қандай диагноз болса да, осы жүйемен жұмыс атқарамыз.

Сенсорлық бұзылыстың көрінуі. Тактильді жүйе

Бала жеңіл түртуге теріс әсер етеді./жақындай бастағанда жиналып алады/

Суға шомылудан, горшокқа отырудан, қасық ұстап тамақ жеуден қашады.

Қолмен сурет салудан аулақ болады, жануарлар, адамдармен қатынасқа түспейді.

Жиі қол тигізген жерді ұстайды.

-Епсіз /диспраксия, жерге /дала,емхана бәрібір/ жата қалып ұзақ бір затпен ойнайды.

Сезімталдықтың төмендігі болғанда:

-Бала түрткенде сезбейді, байқамайды.

-Құлайды, әдейілеп басын ұрғанда ауырлықты сезбей

Вестибулярлық жүйе-жүйелердің атасы. Барлық дерлік миға келіп түскен сенсорлық ақпаратты ұйымдастырып, басқарушы жүйе. Жүктіліктің 18-22 апта аралығында қалыптасады және 7 жасқа дейін жетіледі. Кей дағдылардың дамымауы-тіл тежелуі мен мінез-құлықтық бұзылысқа алып келеді. Осы сенсорлық жүйе бала дамуының фундаменті болып табылады.

-Кеңістікте толық денемізді сезінуін реттеп тұратын жүйе.

-Невербальная жест «язык тела» қалыптасуына жауап беретін бірден бір жүйе.

-буын мен бұлшықет тонусын реттеуші жүйе.

-Артикуляциялық аппараттың толыққанды функциясына тікелей жауап береді.

Кез келген жұмысты вестибулярлық жүйені дамытудан бастау керек, Сөйлетудің астарында сенсорлық жүйені дамыту, қабылдау, одан кейін қозғалыс жатыр.

Жоғары сезімталдылық:

-Ми қозғалыс жүйесін реттей алмайды, салдарынан гиперактивтілік жоғары болады.

-Аяғын жоғары көтеріп, басын төмен түсірген ұнайды.

-Тербелгенді, айналдырғанды қалап тұрады.

Сезімталдылықтың төмендігі:

-Нәресте кезінде «өте тыныш»

-Белсенді болуға ынтасы жоқ, қозғала бастаса тоқтай аламйды.

-Бала құлап қалудан қорықпайды, қорғаныс рефлексі болмайды/қолын немесе аяғын тіреу/

Проприоцептивті жүйенің бұзылысы

-Бала гиперактивті, секіреді, жүгіреді, құлайды, соғылады.

-Жиі біреудің үстіне құлайды, құшақтап, қысу, итеруді жақсы көреді.

-Біреуді тістеуді, ұруы, кейде өзін қанықтыру үшін өзін ұрып,, тістеп, тырналайды.

Төменгі сезімталдылық кезіңде:

Жүгіруден, жүруден, өрмелеуден қашады.

-Іс-қимылы үйлесімсіз, денесін нашар бағындырады.

-Ырғақты/ритмикалық/ дене жаттығуларына қатысқысы келмейді.

-Үнемі анасына көтер деп немесе коляскамен жүруді қалап отырады.

-Велосипед тебе алмайды, көбіне еңбектемей ходунокпен жүріп кетеді.

Қалай дамытамыз?

1 жастан 3 жасқа дейін

Бұл кезде барлық сенсорлық жүйе жекелей емес бірге дамиды. Бала жүре бастағанда даму фундаменті жұмысын жеделдетеді. Ал дамуында тежелуі бар балаларда бұл фундамаенттің қалыптаспағаны көрінеді.

Бұл кезеңде ересекке еліктеу орнауы қажет/шашын тарау, шелекке құмды салу…/

Сөйлеуі көру арқылы жетіледі. Пассивті сөздік қоры толығады

3 жасқа дейін сенсорлық дамуын жетілдіру.

*пирамиданы жинап, қайта шашуын, реттілікпен.

*орнына қой, форманы формаға салу.

*қатты, жұмсақ, кедір-бүдір сипап айыруы

*музыкаға билеу.

*дәмді ажырату,өзіне қайсысы керек екенін.

*айтқаныңызды қолмен ажырата көосете алуы/күн-домалақ, қорап-төртбұрыш/

*жануарлардың дауысын салу.

*билеудің қимылдарын көрсету, айналу, секіру, шапалақтауды үйрету.

*ермексазбен, қамырмен тоқаш, колбаса жасау./

*бизиборд, құммен,сумен жиі ойнау.

3 жастан 7 жасқа дейін

*алақан, саусақтармен сурет салу.

*өлең айту /бірге қосылып/

*жануарларды тірідей таныстыру, зоопаркке барып, далада жүргенде, үйдегі жануарларды тамақтандыру.

*қыстырғыштармен жұмыс/түстер бойынша жина/

*шарларды түрлі дәндерге , құмға, тиынға толтырып, табуын сұрау.

*ритмикалық қатарды қойып үйрену.

*қораптан сипап сезу арқылы аталған заттарды табуды үйртеу.

*қорапқа мандарин қабығын,ваниль қантты, әтір, сабын, нан салып жейтін бе, жемейтін бе үйретеміз, кейін көзін байлап табады.

*иістермен де дәл солай арнайы иіс банкаларын иіскеп танысып, қалған екіншісін көзін жұмып іздейді. Үш иістен асырмаймыз.

Дәм және иіс сезуін дамыту

* Анасының табиғи иісі баланың сенсорлық қабылдауын жақсы жетілдіреді, сондықтан үйде иіс су қолданудан аулақ болыңыз.

*6 айдан кейін тамақ дәмін түрлендіре бастаған жөн.

*құрттың қышқыл дәмін, қанттың тәттілігін сездіріңіз.

*қолына жілік беріп жалап, мұжғылап отырғаны дұрыс.

Көру қабілетін дамыту

* 4-8 аптаға дейін баланың бетіне аса жақыннан қарамау керек. Салдары қылыйлыққа алып келеді.

*4-8 аптасынан ақ-қара түсті суреттерді көрсету. Бір түстес ойыншықтарды қолдану.

*8 аптадан кейін ғана түрлі түсті суреттер мен ойыншықтарды көрсетуге болады.

*Терезеден сыртты көп бақылатыңыз, 6 айдан кейін айналасын бақылауы үшін коляскада жартылай шайқалтып жүру керек.

* Баланы айнаның алдына әкеліп түрлі эмоция жасаңыздар.

Сабақты тиімді ұйымдастыру.

  1. Сенсорлық даму сатысы.
  2. Сенсомоторлық дамыту сатысы.
  3. Перцептивті – моторлы дамыту сатысы.
  4. Интеллектуалды дамыту сатысы.

Сабақ өткізгенде осы этаптардың әр біреуінен ойындарды сабаққа енгізіп, 2-3 минуттан орындату керек.

  1. Сенсорлық даму сатысы.

Бұл этапта баланың барлық қабылдауы мен бейімделуі жетіледі:

– Ұсақ доптарды қорапқа дәлдеп лақтыру, бір-біріне лақтыру.

– Дәнді дақылдарды іріктеу, қапшықтағы затты қолын салып табу;

– Сызық бойымен жүру(тік, зигзак);

– Дәм сезуді дамыту (құрт, лимон, қаңт);

– Жалаң аяқ жүру (ортоковрик, тас, құм үстінен);

– Сенсорлы қорап (бау байлау, құлып, түйме, пазл, бұрау).

  1. Сенсомоторлық дамыту сатысы.

– Баспалдақпен түсіп-шығу;

– Бір сызықтың бойымен жүру (бордюомен жүру);

– Өрмелеп шығу (диванға, орындыққа, шведтік қабырға);

– Жүгірту (күніне 2 минут, кедергілерден өту арқылы жүгіру);

– Секіру (сәл биіктен, бір аяқпен, алға-артқа).

  1. Перцептивті – моторлы дамыту сатысы.

А)Ұсақ-қол моторикасын дамыту;

– Екі саусақпен затты қысып салу,

– Пинцетпен затты қысып орналастыру;

– Ірі пазл, пирамида, конструктор құрастыру;

– Дөңгелектеп жіпті орау;

– Қасық ұстап сапыру, сүзгімен елеу;

– Қылқаламмен, саусақпен сурет салу;

Ә)Сөйлеу тілін дамыту

– Тыныс алу жаттығулары;

– Артикуляциялық жаттығулар,

– Фонемді есту (қатты-төмен дыбыстарды ажырату, буындарды әңдете қайталау),

– Еліктеу дыбыстарын айту,

– Сөйлеуге ынталандыру, дыбыс қою, буынмен жұмыс, логоритмика;

– Кинезиологиялық жаттығулар;

– Логомассаж, логотейптеу.

Б) Психикалық процестерді дамыту.

– Ойлау қабілетін дамыту, Рөлдік ойындар ойнау. Сюжеттік картинкалармен әңгіме құрастыру.

– Есте сақтауы. Екі бірдей затты жасыру. Логоритмика жаттау;

– Зейін тұрақтандыру. Қуырмаш айту, жануарлар мен жемістердің атауларын шатастырып айту, сурет салу;

– Қабылдауын дамыту. Қоршаған ортаны тануы, қарапайым математикалық танымын дамыту

  1. Интеллектуалды дамыту сатысы.

Балабақша, мектептің оқыту бағдарламасы бойынша білім беру.

Логопед:Тусупбекова Д.Е.