«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» 2022

Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.
Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы – 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.

Акцияның мақсаты:
Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Баршаңызды акцияға белсене атсалысуларыңызды шақырамыз!
Сіздердің көмегіңізбен мұқтаж отбасыларға демеушілік көмек көрсете отырып, баланы мектепке жинау оңайырақ болады. Мектепте осы акция аясында көмек қабылдау пункті жұмыс істейді. Барлық ниет білдірушілер қайырымдылық акциясына қосыла алады. Ол үшін телефон арқылы қоңырау шалуға болады.
Телефон нөмірі 8 (71837)30205