Мен жақсы болсам, адамдар үшін не істер едім

Тілдер апталығы мен Алғыс айту күні аясында «Егер мен жақсы болсам, адамдар үшін не істер едім» атты сұхбат сағаты өтті. Әңгімелесу сағаты қызықты сәлемдесуден басталды. Келесі кезекте оқушылар мейірімділіктің не екенін айтты. Әрқайсымыздың бойымызда кішкентай күн – мейірімділік өмір сүреді деген қорытындыға келдік. Мейірімді адамның қасиеттерін атады, «Менің көңіл-күйім» жаттығуын орындады, жақсы істер туралы әңгімеледі, ізгілік болса, әрбір адам не істейтінін армандады. Соңында «Жақсылық жолымен» әнін орындады.