Ритмикалық тізбек арқылы сөйлеу тілін дамыту

Ритм-адамның өмірімен, уақытымен, денсаулығымен байланысының бастапқы түрі. Кез-келген қозғалыс әрекеті, белсенді ритмикалық компонентке тән, ритмсіз әрекет құрылмайды.

Ритмикалық қабілет генетикалық тұрғыдан анықталған және даму нормасы қалыпты балаларда ол мектепке дейінгі кезеңде белсенді дамиды.

Қозғалыс ритмі сөйлеу механизмдерінің қалыптасуына, дамуына  әсер етеді.

Ритмикалық шеңбер арқылы мыналарды дамытамыз:

– сөйлеу тілін шақыру

– байланыстырып сөйлеуді

-ұсақ қол моторикасын

-естіп қабылдауды, көріп қабылдауды, кеңістікте бағдарлануды

-фонематикалық естіп қабылдауды

– артикуляциялық аппаратты

– зейінді, есте сақтауды

-дыбыстарды машықтандыруды

-өзін-өзі  бақылауды

-сөздің буындық құрылымына түзете -дамыту  жұмыстары кезінде қолдануға  болады.

-психоэмоционалды күйді реттеуге.

Жұмыс барысында: «марблс» қиыршық тастарын, үлестірмелі материалдардан жасалған фигуралар (түрлі-түсті дөңгелектер, квадраттар, жұлдызшалар және т.б.), әртүрлі ұсақ конструкторлар, нейроалақандар, дыбыстық және әріптік белгілер қолданылады. Сондай-ақ, кез-келген кішкентай фигуралар, түймелер, сандар, табиғи материалдар (шишкалар, жаңғақтар, тастар, тағамдарды және т.б.) қолданылуы мүмкін.

Сабақ барысында ең алдымен қарапайым 1:1 қатынасы бойынша жұмыс жасаймыз. Оны бала  үйренген соң ары қарай күрделендіреміз.

 

Күрделі 1:2 , 2:1, 2:3

Ары қарай моторлық программаны қосуға болады. Яғни шапалақтау немесе тарсылдату т.с.с.

Келесі кезеңде дайын карточкаларды және де моторлы программаны қосамыз.  Дайын  карточкаларды (дыбыстар, содан кейін буындар, сөздер) реттілікпен қоя отырып, суреттерді қолданамыз.

Бала сабақ барысында  көлденең қатарды игергеннен кейін тік қатарға, содан кейін ритмикалық шеңберге өтуге болады. Жолдарды салу кезіндегі реттілік бірдей қарапайым (бір –бір) және күрделі (бір – екі, екі – бір; үш – екі, екі – үш және т. б.) болып қалады.

Осылайша, қозғалыс әрекеті мен сөйлеудің үйлесімі, тізбектерді құру және оларды қозғалыстармен  үйлестіру балалардың әдемі, анық сөйлеуіне көмектеседі және көбінесе тұтығуды емдеуге көмектеседі .

 

 

Логопед:Тусупбекова Д.Е.