Түлектер үшін соңғы қоңырау

1 маусым күні түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды.
Бұл балалар өмірінің бір бөлігіне айналған ұстаздардың қоштасу сөздері, баласының есейгеніне сену қиын ата-аналардың толқуы, балалардың өздері үшін мұңды да қуанышты сәттер – таңғажайып мектеп әлемімен қоштасу.
Түлектер сахна төріне көтеріліп, ұстаздарына алғыс айтып, мектеп жасымен қоштасты. Сынып жетекшілері естелік ретінде балалардың жетістіктерінің портфолиосын және жарқын да оқиғаға толы мектеп өмірінен алынған фотосуреттер альбомын ұсынды.Тәрбиешілер номинациялар бойынша медальдар дайындады: Акенов Жылқыбай «Алтын шебер», Төрехан Азат «Үздік спортшы», Майбасова Диана «Шығармашылық шабыт», Ибраева Малика «Интеллект аруы», Камушкин Михаил «Супер – лидер», Аушайхов Айзат «Нағыз мырза», Миронов Виктор «Сенімді иық», Валентин Федосимов «Өмірдегі оптимист», Олеся Бугенбаева «Супер қолөнерші», Айдар Садуақасов «Мейірімділік мырза», Павел Маметьев «Би алаңының жұлдызы». Олардың әрқайсысының көздері қуаныштан жарқырап, жүздерінде күлкі ойнады. Бірақ тосынсыйлар мұнымен бітпеді.Сынып жетекшілері мен тәрбиешілер музыкалық нөмірмен өнер көрсетті. Бастауыш сынып түлектерінен қоштасу сөздері айтылды. Және, әрине, есеюге жол ашқан соңғы қоңырау соғылды.
Соңғы қоңырау мерекесі оқушылар үшін туған мектебінде және аяулы ұстаздарымен бірге өткізген жылдардағы жарқын да қуанышты естелік болып қала бермек.
Сіздерге сәттілік, біздің қымбатты түлектер!