Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Қазақстанның БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялауы аясында 9-20 қараша аралығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»республикалық ақпараттық науқаны өтеді.
Науқанның мақсаты-ересектер мен балаларды қоса алғанда, қоғамның балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік проблемасы, оның бала мен қоғам үшін салдары, сондай-ақ осы саладағы халықаралық заңнаманың негіздері туралы хабардар болуын арттыру.