«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2023»

«№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де әдістемелік кеңестің ұйымдастырылуымен «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2023» атты байқау өтті. Байқау мақсаты педагогтердің кәсіби әрі шығармашылық дағдыларын шыңдау болатын. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең арнайы педагогика тақырыбына тестілеу және екінші кезең шығармашылық-кезең. Бірінші кезең нәтижесі бойынша келесі педагогтер екінші шығармашылық кезеңге өтті. Олар: Дузелбай Т.Д., Омурбаева К.М., Писегова А.Р., Ибраева А.А., Краморенко З.С., Сагимбекова М.Б., Байболова Ж.Ш., Бекет Е., Кайсаринова М.Б., Сайдимова А.Б., Тусупбекова Д.Е.

Байқауға төрелік етуге мектеп ардагер ұстаздар шақырылды. Байқаудың қорытындысы бойынша мектебіміздің логопед маманы Тусупбекова Дана Ерболатовна «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2023» атанды. Сонымен қатар І, ІІ, ІІІ орындар беріліп, аталымдар үлестірілді.