Үстел теннисінен бірнеше дүркін Чемпионмен кездесу

27 қаңтарда 5-9 сынып оқушылары үшін үстел теннисінен Халықаралық және Республикалық Паралимпиадалық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы Мұрат Джапабаевпен кездесу өтті. Бағдарлама қонағы – қиын, бірақ өте қызық тағдыр кешкен, қажырлы дайындық пен табандылықтың арқасында дертті жеңіп, спортта жетістікке жеткен жан. Бүгінде Мұрат Ақсу өңіріндегі мүгедектерді спорттың белсенді түрлерімен айналысу арқылы оңалтуға көмектесуде.
Крылова Ю.В. (педагог-ұйымдастырушы)