Әлемнің сегізінші кереметі

«Ақсу» балалар эко-технологиялық орталығында « №3 арнайы мектеп-интернаты» оқушылары үшін «Әлемнің сегізінші кереметі» атты танымдық бағдарламасы өтті.

Театрландырылған және ойын әрекеттері арқылы балалар ежелгі әлемнің 7 кереметінің (Гизаның Ұлы пирамидалары, Вавилонның аспалы бақтары, Галикарнастағы мавзолейі, Олимпиядағы Зевс мүсіні, Эфестегі Артемида храмы, Колосс Родоский, Александрия шамшырағы)) атмосферасына шомылды. Бағдарламаның шарықтау шегі – әлемнің сегізінші кереметінің ашылуы. Бұл – АДАМ!

Бағдарламадан кейін депутат Тәрбие жұмысы орталығының жетекшісі Аубакиров А.Т. таныстыру экскурсиясын өткізді.