Ағымдағы жылдың 24 наурызында мектеп-интернатта «Cабақтарда және сыныптан тыс жұмыстарда педагогикалық технологиялар мен АКТ құралдарын пайдалану» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңес барысында басшының оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары А. С. Матаева мен Ж. Ш. Ерболатова қатысушыларды 3 тоқсанның қорытындыларымен таныстырды. Сондай-ақ сабақтарда және сыныптан тыс жұмыстарда педагогикалық технологиялар мен АКТ құралдарын пайдалану туралы мәселеcі талқыланып, қаралды.
Келесі педагогтар баяндама жасады: «Гуманитарлық цикл сабақтарында заманауи педагогикалық технологиялар қолдану» Акетова М. З., «География және жаратылыстану сабақтарында АКТ қолдану» Темірғалиева А. Н., «Бастауыш сабақтарында жаңа педагогикалық технология мен АКТ пайдалану» Сайдимова А. Б., «Оқушының сабақтаны мың іс-әрекетінде ойын технологиясы»Айткужина А. С.
Мектеп психологы А.К. Рыспаева кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу бойынша жұмысты жариялады.